Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
Функционалды міндеттер
Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының экономикалық даму, аудан бюджетін нақтылау, қалыптастыру және орындау, қаржы, салық саясаты, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, коммуналдық меншік және жекешелендіру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша қызметін үйлестіру. Шағын кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сауданы, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуды қолдау және дамыту сұрақтары. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жалақыны арттыру, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру, экономиканың нақты секторында жалақы борышын өтеу сұрақтарына жетекшілік етеді. Жетекшілік ететін салалары бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-әрекет етеді. Экономика және қаржы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларында: Елбасы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аудан аумақтарын дамыту бағдарламаларын іске асыру, мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша бақылау. Облыстық, сонымен қатар аудандық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне жалпы бақылау жасау. Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық Қазынашылық басқармасымен; Тимирязев ауданы бойынша статистика басқармасымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен; Халық банкінің аудандық филиалымен байланысты іске асырады. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін комиссияның дербес құрамына; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредитациялау жөніндегі комиссияларға; кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесінің дербес құрамына; аудан әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі, әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияға, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес мерзімде жұмыс істеген тұлғалар өтілін анықтау жөнінде аудан әкімдігі жанындағы комиссияның дербес құрамына жетекшілік етеді, жетекшілік ететін салалар бойынша өзге консультациялық-кеңесші органдарға басшылықты іске асырады. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне сәйкес азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды. Бөлімдердің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметін үйлестіреді. Аудан әкімінің орынбасарлары жоқ кезінде олардың орнын ауыстырады.
Функционалдық блок - А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov.kz
- 10.10.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті
-
8 (7152) 340216