Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

593752

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік мекемелер мен қала әкiмi аппараты бөлiмдерiнiң, қала ұйымдарының көлік, байланыс, құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, жол салу және пайдалану, абаттандыру, газбен, сумен жабдықтау және канализация, инженерлік коммуникациялар, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жануарлар, өсiмдiк әлемiн, табиғи ресурстарды қорғау қызметін үйлестіру.

ПИК мен ТҚК, гараж кооперативтерiн құру және қызметi, қаланың тұрғын үй қорын пайдалану, оны абаттандыру және санитарлық жағдайы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, зираттар мәселелерi. Су тасқынына қарсы, төтенше жағдайлар жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру, тұрғын үйлердi қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау мәселелерi.

Басқаратын салалары бойынша мақсатты салалық және өңірлік бағдарламаларды әзiрлеу, орындау және олардың орындалуын бақылау.

Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмыстары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері.

 «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ; «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары» КММ; «Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлiмi» КММ; «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ, «Петропавл қаласының тазартқыш, сутартқыш және су өткізгіш имараттары» КММ, «Коммунхоз» КМК, «Петропавл қаласы тұрғын үй қызметі» ЖШС; қала әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас маманының қызметін жалпы бақылау.

Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқаратын мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аумақтық бөлімшелерімен байланысты жүзеге асырады. Мынадай комиссияларды басқарады: көліктегі қауіпсіздік; жер комиссиясын. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде бақылау және жауапкершілік.

Функционалдық блок - А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.10.2022 – 06.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

10.10.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 501679