Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің шешімдер шығару жөніндегі сектордың бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Қосымша талаптар
- Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2 «Қазақстан Республикасында тіл туралы» Заңдарды, іс жүргізу бойынша нұсқаулықты білу.
Функционалды міндеттер
Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің (негізгі қызмет бойынша), облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі аппараты басшысы бұйрықтарының (негізгі қызмет бойынша) жобаларын дайындау, ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Бұлтты құжат айналымы (бұдан әрі – ИНТЕГРО) арқылы облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін тіркеуді жүзеге асырады және адресаттарға уақытылы жібереді.
Облыс әкімі аппаратының миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және қабылдауды қамтамасыз етеді.
Бөлім құзыретінің мәселелері бойынша құқықтық актілерді әзірлейді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін «Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешімдерді әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді және облыс әкімдігінің дербес құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісуді қамтамасыз етеді, 26-бап, 5-тармақ).
Нормативтік құқықтық актілер мен журналдардың қатаң есептіліктегі бланкілердің дайындалуына, берілуіне және қорғалуының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде облыс әкімі мен әкімдігінің ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары бланк өнімдерінің техникалық ерекшеліктерін және жобаларын әзірлейді.
«Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің («ЭҚБА» АЖ) базасына уақытылы енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Облыс әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлеуге қатысады; белгіленген мерзім ішінде әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын ресімдеу, есепке алу және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, оларды мемлекеттік архивке тапсыруға дайындауды қамтамасыз етеді, қолданыстағы ережелерге сәйкес істер тізімдемесін жасайды.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін жауап береді.
Қабылданған әкімнің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімдігі қаулыларын және облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын дерекқорға уақытылы енгізуді бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын актілерді әділет басқармасына жіберу үшін электрондық және қағаз тасымалдағыштарға жедел көшіруді қамтамасыз етеді.
МОИП жүйесінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу мерзімдерінің уақытылы сақталуына жалпы жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
Әр айдың қорытындысы бойынша кестелік материал жасайды, тоқсан сайын нормативтік актілерді ресімдеу талаптарын бұзу фактілері бойынша облыс әкімі шығарған актілерінің сипаты мен саны туралы талдамалық жазбалар дайындайды.
Құзыреті шеңберінде іс жүргізу мәселелері бойынша белгіленген қағидалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, облыс әкімі аппаратының, басқармалардың, аудандар мен Петропавл қаласы әкімі аппараттарының қызметкерлеріне құжаттармен жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Мүдделі тұлғалар мен мекемелердің назарына ЭҚЖ арқылы әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін тіркеуді және жеткізуді немесе облыс әкімінің мөрімен расталған көшірмелерін беруді қамтамасыз етеді (қажеттілігіне қарай).
Облыс әкімінің елтаңбалы мөрін сақтайды.
Қала және аудандар әкімдері аппараттарында, облыстық және аудандық ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйі туралы тексеру жүргізуге және талдамалық анықтамалар дайындауға қатысады.
В функционалдық блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.09.2022
- СҚО Петропавл қ. Конституции Казақстан 58 к. 107 каб.
-
87152340216