Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімнің құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы ( 2022 жылғы 05.10. дейін жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

      «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,                                     Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

Облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

Ұсынылған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобалары, сондай-ақ басқа да құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда олар бойынша жазбаша ескертулер мен ұсынымдар дайындайды.

Сотта, сондай-ақ басқа да органдарда олардың қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде облыс әкімдігінің, облыс әкімінің және облыс әкімі аппараты басшысының мүдделерін білдіреді;

Облыстың атқарушы органдары мен облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне заң мәселелері бойынша кеңес береді.

Заңнамада көзделген жағдайларда бөлімнің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындайды.

Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттар мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын тұжырымдайды және үйлестіреді;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды (қажеттілігіне қарай жергілікті жерге барып).

Аудан әкімі аппараттары мен осы аудандардың атқарушы органдарының заң қызметтерінің жұмысына жетекшілік етеді, көрсетілген қызметтер жұмысының жай-күйін тексереді, олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдауды қамтамасыз етеді;

Облыстық деңгейде заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Облыс әкімдігі мен әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының қызметін заңды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Облыстың атқарушы органдарына және аудандардың (Петропавл қаласының) әкімдіктеріне заң мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетеді.

Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторингті жүзеге асырады, мониторинг бойынша есептер жасайды.

Облыс әкімдігі мен әкімінің нормашығармашылық қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді талдайды, оларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды.

А функционалдық блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.08.2022 – 08.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.09.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. Конституции Казақстан 58 к. 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216