Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы – әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау секторының меңгерушісі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды, «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін» (жалпы бөлім), Казақстан Республикасының Еңбек кодексін білу.
Функционалды міндеттер
Облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жасауға және талдауға.
Облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды және қорытынды көрсеткіштері бойынша ай сайынғы негізде қызметтік жазбалар мен талдамалық материалдарды қалыптастыруға.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жұмысын талдауға (қызметтік жазба түрінде енгізеді).
Облыс басқармаларының стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жүйесін жетілдіру, әкімшілік-аумақтық даму мәселелері бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеп, енгізуге.
Облыстық және аудандық БАҚ-ға талдау және мониторинг жүргізуге, нәтижесі бойынша күнделікті негізде жағымсыз және дау тудырған ақпарат бойынша жедел ақпарат беруге.
Облыс әкімінің, аппарат басшысының жұмыс сапарларының және облыс әкімі бас инспекторларының іссапарларының тізілімін жүргізуге.
Облыс әкімінің аудандарға жұмыс сапарларына және нысаналы сапарларына, сондай-ақ ол қатысатын кеңестерге талдамалық материалдар дайындауды жүзеге асыруға.
Облыс әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша материалдар дайындауды жүзеге асыруға.
Аппарат басшысын, аппарат басшысының жетекшілік ететін орынбасарын, бөлім басшысын жетекшілік ететін аудандардағы, Петропавл қаласындағы және жергілікті атқарушы органдардағы жағдай туралы тұрақты негізде хабардар етуге.
А функционалдық блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.09.2022
- СКО г,Петропавловск ул.Конституции Казахстана 58 ка. 107
-
8715234616