«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ экономика саласының түсімдері мен шығыстарын жоспарлау және атқару бөлімінің бас маманы (2023 жылғы 26.05. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, ҚР Экология кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын, Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін білу.

Функционалды міндеттер

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік өтінімдерді қарау, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария басқармалары бойынша бюджеттік өтінімдерді тексеру бойынша қорытындылар дайындау; жоғарыда көрсетілген басқармаларды қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша: жылдық сомаларды айлар бойынша бөлуді талдау және бағалау; төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылмау себептерін анықтау;        объектілер кесімінде аудандар бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгертулерді жеткізуді қамтамасыз ету; объектілер мен бағдарламалар кесімінде қаржыландыру жоспарларын   Қазынашылық органдарына жеткізу; «Парус» ақпараттық жүйесінде жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдері мен міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу; «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне төлемдер мен міндеттемелер бойынша анықтамалар енгізу; электронды құжат айналым жүйесіне шығыс хат-хабарларды енгізу; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына, соның ішінде бюджеттік жоспарлау бойынша өзгерістер енгізудің дұрыстығын тексеру; тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттерінің және кредиттердің іске асырылу мониторингі нәтижелері туралы есеп құру, оны жергілікті бюджеттердің шығыстарын талдау бөліміне ұсыну; бюджеттік мониторинг жүргізу, бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы аналитикалық есеп құру

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.08.2022 – 25.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

31.08.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97