«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ-нің шығармашылық дамыту бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Мәдени-тынығу жұмысы
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «БАҚ туралы» Заңдары, мәдени саясат тұжырымдамасы, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін, басқару психологиясының, стратегиялық жоспарлау мен талдаудың, жобалық менеджменттің негіздерін білу
Функционалды міндеттер
- шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
- облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
- басқарма басшысы жанындағы жұмыс мәжілістерінің хаттамаларын жүргізу және дайындау;
- әкімдік отырысына сұрақтар тізбесін дайындау;
- басшының кеңестерге қатысуы үшін құжаттар пакетін дайындау;
- жоғары тұрған органдар басшыларының сапарларына құжаттар дайындау;
- БАҚ-пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, басшының брифингтерін өткізу;
- басқарманың ресми сайтының жұмыс істеуін бақылау;
- СҚО әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияға, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және профилактикасы жөніндегі, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі комиссияға ақпарат және тиісті құжаттар дайындау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беруге дербес жауапты болады
- А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.08.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.
-
8(715-2)50-44-97