«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-нің кадр мәселелері жөніндегі бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
- Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тиісті санат бойынша тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
2. «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу қағидаларын, денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын білу
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс істеуін және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметкерлердің жеке құрамын, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшыларын есепке алуды жүргізеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа қабылдауды, басқа орынға ауыстыруды, босатуды ресімдейді; кезекті демалыстар кестесін жасайды; облыс әкімі аппаратына кадрлық қамсыздандыру мәселесі бойынша ақпарат дайындайды; кадрлардың қозғалысы, саны мен сапалық құрамы туралы есептер мен басқа да есептер дайындайды; жеке істерді, жеке карточкаларды қалыптастырып, жүргізеді; басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының еңбек кітапшаларын сақтап, есепке алады; тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшыларын іріктеп, тағылымдамадан өтуін, оқытуды, қайта даярлауды және арттыруды ұйымдастырады, басқарманың техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің, ведомстволық бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларына көтермеақы түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді; басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің, техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерінің, ведомстволық бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының әскери есебін ұйымдастырып, жүргізеді.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.08.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.
-
8(715-2)50-44-97