«Қызылжар аудандық білім бөлімі» КММ жалпы оқумен қамту мәселелері жөніндегі бас маман
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Білім берудің, аумақтың даму бағдарламасының стратегиялық жоспарын құру және орындалуына бақылау жүргізу. Жалпы орта білім берудің жүзеге асуын бақылауда ұстау, орта білім беру жүйесінің жағдайына мониторинг жүргізу, аудан мектептерінде емтихандар өткізуді, оқушылардың санының сақталуын бақылауда ұстау және келесі жылға қалғандармен жұмыс істеу; оқу жылының басталуы және аяқталуы туралы бұйрықтарды дайындау. Жалпыға міндетті оқу қорын пайдалануды бақылауда ұстау, мектептерде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету, оқу-кеңестік пунктердің жұмысын қадағалау; оқушылардың алфавиттік кітап тізімін, жеке ісін, сынып журналдарын жүргізуді бақылауда ұстау; «Алтын белгі», ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлердің құжаттарын дайындау. «Мектепке жол», «Қамқорлық», атты акцияларды өткізу және бақылау. Инклюзивті білімді үйлестіреді. Соңғы қоңырау және сыныптан- сыныпқа көшу емтихандары, мектеп бітіру кештерін өткізу туралы ережелерді сақтауды бақылауға алу; Емтихандық құжаттарды дайындауды ұйымдастыру; Мектеп түлектерін ҰБТ пунктеріне жеткізуді, ҰБТ тапсыру уақытындағы түлектердің тамақтануы мен орналасуын қамтамасыз ету. Мектеп түлектерімен кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізу, 9-11 сынып түлектерін жұмысқа орналастыру; Оқушылардың білім сапасы мониторингісін үнемі жүргізіп отыру, тиісті есептерді тапсыру. Қатаң тәртіптегі бланктер (аттестаттар, куәліктер) бойынша есеп жүргізу; Аудандық және облыстық пәндік олимпиадалардың өтуіне бақылау жасау. Текст бойынша есептерді құрастыру және АББ жұмысы туралы басқа ақпаратты аудандық әкімдікке, білім басқармасына есеп және басқа да мәліметтерді беру, жаңа оқу жылының басына ОШ-1, РИК-76 және т.б. статистикалық есеп беру; Іс номенклатурасына сай іс жүргізу, мұрағатқа тапсыруға дайын тұрған істің қалыптастыруын ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2020
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11
-
8(71538)21346