«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің білім саласын стратегиялық әкімшілендіру, қаржыландыру және есепке алу бөлімі Басқарма аппаратының есеп жүргізу жөніндегі бас маманы (2025 жылғы 12.05 дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Білім туралы» ҚР заңын, «Педагог мәртебесі туралы», ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық Кодексін, ҚР Бюджеттік Кодексін және басқаларын білу.

Функционалды міндеттер

Білім беру мекемелерінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру. Білім беру жүйесі мекемелерінің қаржылық қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу. Басқарма аппараты бойынша есеп жүргізу-бастапқы құжаттарды өңдеу, мемориалдық ордерлер жасау. Білім басқармасы және мемлекеттік кәсіпорындар, нысаналы трансферттер бойынша СҚО Қазынашылық басқармасына қаржылық құжаттаманы дайындау мүлікті есептен шығару бойынша құжаттаманы дайындау. СҚО Білім басқармасының аппараты бойынша бюджеттік өтінім жасау. Басқарма қызметкерлеріне жалақы есептеу. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп» №3 нысан бойынша шоғырландырылған есептілікті жасау. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есеп жасау. Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу. Басқарма аппараты бойынша бөлінген бюджет қаражатын игеру бойынша мониторинг жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды өткізу кезінде комиссия құрамына қатысу. Басқарма аппараты бойынша түгендеу жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша есептілікті қалыптастыру. Кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс. БАҚ-пен өзара іс-қимыл. Жұмыс бағыты бойынша кеңестерге басшының қатысуы үшін материалдар дайындау. Білім басқармасының ресми сайтында материалдарды дайындау және орналастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау анықтамасын дайындау.

ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының, Басқарма бөлімі басшысының тапсырмаларын орындау.

(В блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.07.2022 – 05.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.08.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)46-50-79