«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің қорғаншылық, қамқоршылық және білім берудегі жұмыс бөлімі рухани-адамгершілік білім және тәрбие жұмысы жөніндегі бас маманы (2024 жылғы 13.01 дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Білім туралы»,«Педагог мәртебесі туралы», «Мемлекеттік нышандар туралы», «Баланың құқығы туралы» ҚР заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы» ҚР Кодексін және басқаларын білу.

Функционалды міндеттер

Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда талдау және әдістемелік көмек көрсету. Облыстың білім беру мекемелерінің әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің жұмысы. Суицидтің алдын алу. Ата-аналар комитеттерімен жұмыс. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және ағарту қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ осы бағытта іс-шаралар өткізу. Облыстың білім беру ұйымдарында бағыттар бойынша (патриоттық, Мемлекеттік рәміздер, экологиялық тәрбие) тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің орындалуын бақылау. Іс-шараларды дайындау, олардың орындалуын бақылау. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыс, осы бағыттағы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат жинау. Гендерлік теңдікті іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын ұйымдастыру. Қосымша білім беру мекемелерінің желісін дамыту. Мектептер жанындағы үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысына Мониторинг жүргізу. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша статистикалық базаны және есептілікті қалыптастыру бойынша жұмыс. БАҚ-пен өзара іс-қимыл. Жұмыс бағыты бойынша кеңестерге басшының қатысуы үшін материалдар дайындау. Білім басқармасының ресми сайтында материалдарды дайындау және орналастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау анықтамасын дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, басқарудың стратегиялық, операциялық жоспарын іске асыру. ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын орындау.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.07.2022 – 05.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.08.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)46-50-79