СҚО Қызылжар ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүргізу бойынша бас маманы (2020 жылғы 14 маусымға дейін жүктілікке және босануына байланысты демалысы кезеңіне)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
100696 - 136444
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сапасын бағалау және бақылау мониторингін жүргізу. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді ұсыну. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы бақылау іс-шаралар түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу. Сайтта ауданның жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты уақтылы жаңартуға бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша нұсқама сипаттағы консультациялар беру. Мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде «Е-лицензиялау» электрондық базасын жүргізу. Мемлекеттік қызметтер мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың мамандарына кеңес беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2020
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11
-
8(71538)21346