"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Құқық қорғау органдарының Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және т. б. мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, тиісті шолулар мен ақпараттар дайындайды.
Тиісті өңірлік бағдарламаларды орындау шеңберінде облыстың құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау бағытындағы өңірлік бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және қатысады.
Ақжар, Айыртау, Тайынша, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тимирязев аудандары әкімдері аппараттары заң қызметтерінің және көрсетілген аудандардың атқарушы органдарының қызметіне жетекшілік етеді, көрсетілген қызметтер жұмысының жай-күйін тексереді, олардың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысады.
Отырыстардың өткізілуін ұйымдастырады және оған материалдар дайындайды:
- Ведомствоаралық комиссиялар:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша;
- құқық бұзушылық профилактикасы бойынша;
3.6-тармақта көрсетілген консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында берілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды (қажеттілігіне қарай жергілікті жерге барып).
Нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аудандардың (Петропавл қаласының) әділет органдары мен жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды.
Мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдауды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын әзірлейді және үйлестіреді.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті
-
8(7152)340216