"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін білу.
Функционалды міндеттер
Өңірде кадр саясатын жүзеге асырады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады.
Мемлекеттік органдардың кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдайды және жоспарлайды.
Өңірдің мемлекеттік органдарының кадрлық құрамын қалыптастырады.
Еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару стратегиясын іске асыруда барлық деңгейдегі басшыларға қолдау көрсетеді, нақты механизмдерді әзірлейді және үдерістерге жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Облыстық және аумақтық атқарушы органдармен, аудандар мен қала әкімдерінің аппараттарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, төменгі буын әкімдері аппараттарының, облыстық мемлекеттік басқару органдарының орындалуын бақылайды, белгіленген тәртіппен аппарат басшысын олардың орындалмау себептері туралы хабардар етеді.
Өңірдегі кадр жұмысының жай-күйін зерделейді және талдайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жиі ауысуына мониторинг жүргізеді, анықталған проблемаларды шешу жөнінде талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындайды, оларды аппарат басшылығына ұсынады.
Облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметкерлері бойынша «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде кадрлық іс жүргізуді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың кадр бойынша тоқсан сайынғы, жылдық және басқа да есептерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға, басқа да жоғары тұрған органдарға дайындайды.
Кадр мәселелері жөніндегі облыс әкімінің өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын дайындайды.
Кадр мәселелері бойынша облыс әкімінің нормативтік актілерінің жобаларын дайындайды.
Конкурстық рәсімдерді өткізу кезеңінде мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлермен, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда көзделген міндеттерді уақытша орындайтын адамдармен және басқару органы облыс әкімінің аппараты болып табылатын ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларымен еңбек шарттарын жасайды.
Жетекшілік ететін басқармалардағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кадрлық іс жүргізу қызметіне жетекшілік етеді .
Жетекшілік ететін басқармаларға мемлекеттік қызметке кіретін тұлғалардың міндетті арнайы тексерісіне құжаттар дайындайды.
Жетекшілік ететін басқармалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тағылымдамасын, кәсіби бейімделуін және тәлімгерлігін ұйымдастырады.
Жетекшілік ететін басқармалардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін қалыптастырады.
Жетекшілік ететін басқармалардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинақтарын қалыптастырады.
Жетекшілік ететін басқармалардың бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі және жалпы конкурстарды дайындауды және өткізуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін басқармалардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдары кадрларының оқуын, даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Жетекшілік ететін басқармалардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады.
Облыс әкімі аппараты корпусының бөлімдері туралы ережені және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітуге енгізеді.
Облыс әкімі аппаратының, жетекшілік ететін басқармалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант қабылдауын ұйымдастырады.
Лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жетекшілік ететін басқармалар басшыларының өтілін есептеуді жүзеге асырады.
Облыс әкімі, облыс әкімі аппаратының басшысы, жетекшілік ететін басқармалардың басшылары тағайындайтын саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізбесіне кіретін адамдардың қызметтік тізімдерін дайындайды.
Ұйымдастыру және кадр жұмысы мәселелері бойынша қала және аудандар әкімдерінің аппараттарына, жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді.
Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
Бұрыштамаларды қалыптастыруды жүзеге асырады, электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттардың жобаларын дайындауды жүргізеді.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.06.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті
-
8 (7152)340216