"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. «Қазақстан Республикасында тіл туралы» Заңды, іс жүргізу бойынша нұсқаулықты білуі.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасының бағыты бойынша жобалық басқаруға қатысады, Солтүстік Қазақстан облысы жобалық офисінің миссиясын, стратегиялық міндеттерін және үлгілік базалық бағытының мақсаттарын іске асыру шеңберінде облыс әкімі аппаратының жобалық қызметін қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі бақылауға алған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік органдардың жауаптарының және олар қабылдаған шаралардың сапасына талдау және сараптама жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне және оларды тудыратын себептерге талдау жүргізеді, тәуекелдер картасын қалыптастыру шеңберінде өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасайды.

«БҚА», «Е-Otinish» ақпараттық жүйелеріндегі өтініштермен жұмыс бойынша деректердің мониторингін жүргізеді.

Аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізеді.

Өтініштерді қарау шеңберінде берілген басшылықтың тапсырмаларының уақытылы және толық іске асырылуына бақылау жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде басшылыққа алу үшін баяндамалар мен талдамалық жазбалардың жобаларын дайындайды.

Облыс басшылығына нақты өтініштер бойынша тапсырмаларды орындау мониторингінің нәтижелері жөніндегі қорытындылар, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, прокуратура органдарының бөлімшелеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық есептер дайындайды.

Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарына, басқармаларға, бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің аппаратында, басқармаларда және қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде іс жүргізудің жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.06.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.06.2022 – 09.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.06.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216