«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маман-заңгері

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдерді білу. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін»,  «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті» білу.

Функционалды міндеттер

Заңнама нормаларын түсіндіреді, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді, басқармадағы істердің дұрыс жүргізілуін және сақталуын бақылайды. Шарттарды әзірлейді және қарайды. Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттардың дұрыс рәсімделуіне жауап береді. Ұйымдастыру-құқықтық және басқа да заңгерлік мәселелер бойынша кеңес береді.

Ветеринариялық заңнама мәселесі бойынша заңгерлік кеңес береді. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік инстанцияларда белгіленген тәртіппен басқарманың мүддесін білдіреді. Облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешім жобасын әзірлеу. Осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім жобасын әзірлеу. Облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім жобасын әзірлеу. Басқарманың басқа бөлімшелерімен бірлесіп, басқармада шығарылған қолданыстағы бұйрықтар мен басқа да актілерді өзгерту немесе күші жойылғандарды жою туралы ұсыныстар дайындайды.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2022 – 29.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.05.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16