"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" КММ инвестиция тарту бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
Қосымша талаптар
Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.
Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Мемлекеттік мүлік туралы», Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамудағы стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар білу.
Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.
Функционалды міндеттер
Инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен іскерлік келіссөздер дайындау және жүргізу.
Консультациялық қызметтер көрсету және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.
Бөлім қызметінің бағыты бойынша даму бағдарламаларының салалық бөлімін әзірлеуге қатысу.
Бөлім жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу, оның іске асырылу барысын бақылауды және талдауды жүзеге асыру.
Жетекшілік ететін сала бойынша ұлттық жобалардың нысаналы индикаторлары бойынша есептілікті орындау және орталық мемлекеттік органдарға ұсыну.
Инвестициялық жобаларға инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдерде қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, ілгерілетуді үйлестіру және іске асырылуын мониторингілеу.
"Kazakh Invest "ҰК" АҚ-мен, оның ішінде өңірлік өкілдікпен бөлім жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
Өңірге инвестициялар тарту мақсатында инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу.
Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің қызметін ұйымдастыру.
Әлеуетті инвесторлардың, оның ішінде Трансұлттық және басқа да компаниялардың сапарларын ұйымдастыру.
Инвестициялық тақырып бойынша инвестициялық форум, конференциялар мен семинарлар өткізу.
Инвесторлардың туындайтын мәселелерін шешуге, оның ішінде орталық мемлекеттік органдармен және ұйымдармен құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктер шегінде кездесулерге бастамашылық жасау арқылы жәрдем көрсету.
Әлеуетті инвестициялық тауашаларға талдамалық зерттеу жүргізу негізінде инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу.
Бөлім қызметінің мәселелері бойынша материалдар, есептер, баяндамалардың Талдамалық жазбаларын, мақалаларды дайындау.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу.
Инвесторлармен келіссөздер қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.
Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау үшін есептер беру.
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, олар бойынша уақытылы және сапалы жауап дайындау.
Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.04.2022
- СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 122 каб.
-
8(7152)340216