"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" КММ өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары

Қосымша талаптар

Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.

«Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.

Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: ҚР Жер кодексі, ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Су кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамудағы стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар білу.

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтау.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың тапсырмаларын орындау жөнінде ақпарат дайындау.

Бөлімдермен бірлесіп, бес жылдық кезеңге арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының салалық бөлімдерін әзірлеу, оның іске асырылу барысын бақылау және талдауды жүзеге асыру.

Басқармамен жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлімдермен бірлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу, оның іске асырылу барысын бақылауды және талдауды жүзеге асыру.

Басқарма қызметінің мәселелері бойынша жиынтық материалдарды, есептерді, талдамалық жазбаларды, баяндамаларды, мақалаларды дайындау.

Сауда-экономикалық миссияларды, көрмелерді, жәрмеңкелерді, форумдарды, конкурстарды, семинарларды ұйымдастыруға қатысу және оларға облыстың шаруашылық субъектілерін тарту.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарында сертификатталмаған материалдарды сатып алуды болдырмау үшін дайындалатын өнімді сертификаттау мәселесі бойынша жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау.

Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау үшін есептерді ұсыну.

Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда техникалық регламенттерді, стандарттарды, оның ішінде менеджмент жүйесіне стандарттарды енгізу бойынша өңірлік жоспарды әзірлеуге және келісуге қатысу. Кәсіпорындарда халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу мониторингін жүзеге асыру.

Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің жобаларын әзірлеу.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуына, жауап берілуіне бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде есептерді беру.

 А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2022 – 15.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.04.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216