«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ әлеуметтік көмек және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімінің бас маманы (2023 жылғы 10 қарашаға дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

  1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тиісті санат бойынша тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

2. «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, ҚР Бюджеттік кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Республикалық бюджет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықтар» ҚР Заңдарын, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  ҚР Үкіметінің қаулысын білу.

Функционалды міндеттер

Ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер бойынша бір жылға және алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетке есеп айырысулардың дұрыс жасалуын тексереді және жиынтық бюджеттік өтінім жасайды; қаржыландыру жоспарларының орындалуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының сақталуына мониторинг жүргізеді; нысандар бойынша кассалық атқаруды ескере отырып, республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен күрделі шығындар (күрделі жөндеу, материалдық-техникалық базаны нығайту) бойынша есептілікті дайындайды; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есептілік дайындайды; ведомстволық бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелер мен басқарманың қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімдер дайындайды; барлық ведомстволық бағыныстағы медициналық-әлеуметтік мекемелер бойынша нақты есептелген, күтілетін және төленген жалақы бойынша есептер дайындайды; аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту орталықтары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша мәліметтер дайындайды; жергілікті бюджет бойынша мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлердің саны және еңбекақы төлеу қоры бойынша, нысаналы трансферттерді игеру бойынша, штат бірліктерінің саны, еңбекақы қорының тарифтік және тарифтік емес бөліктерінің сомалары бойынша мәліметтер дайындайды; барлық ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің желісі, штаты және контингенті туралы мәлімет дайындайды; қамқорлықтағы адамдардың жеке шоттарынан, МӘМ-нің демеушілік және ағымдағы шоттарынан ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер бойынша бюджеттен тыс қаражатты тарту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы,  еңбек және отын-энергетикалық теңгерім бойынша өтінімдер мен есептерді тексереді; бюджетті дайындау кезінде барлық ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің ЕТҚ жоспарлайды

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2022 – 14.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.04.2022

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216