"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ-нің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстық және жергілікті атқарушы органдармен, аудандар және қала әкімінің аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты жинақтау, дайындау және талдауды жүргізеді, есептер, талдамалық жазбалар құрады.
Бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің нормативтік актілерінің жобаларын дайындайды.
Бұрыштамаларды қалыптастыруды жүзеге асырады, электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттар жобаларын дайындауды жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органның негізгі қызметі мәселелері жөніндегі өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, оларға жазбаша жауаптарды дайындауды және келісуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін салада мемлекеттік органдармен облыс әкімінің орынбасарына енгізілетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобаларының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда облыс әкімі орынбасарының бұрыштамаларын орындаушылардың құрамына қосымша мемлекеттік органдардың не лауазымды тұлғалардың құзыретіне сәйкес енгізу тұрғысынан қайта қарайды, сапасыз жауаптар жобаларын пысықтауға жібереді;
Іс-шараларды (кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, сапарлар және т. б.) ұйымдастыруға қатысады және оларға қатысуға облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерін тартады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есеп дайындауға; әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының баға жағдайы туралы есеп дайындауға; жанар-жағармай материалдарына баға жағдайы туралы есепті дайындауға; Тұрақтандыру қорында әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының бар-жоғы туралы мәліметтер дайындауға апта сайынғы мониторингті жүзеге асырады.
«Даму» КДҚ» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен, «Солтүстік» ӘКК» акционерлік қоғамымен, «KAZAKH INVEST» ҰК» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік өкілдігімен, «QYZYLJAR» АЭА БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, кәсіпкерлік субъектілерімен, инвесторлармен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен (келісім бойынша) байланысты жүзеге асырады.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Жобалық офис отырысының жұмысын ұйымдастыруға қатысады.
Апта сайынғы негізде облыс әкімі орынбасарының жұмыс жоспарын қалыптастырады.
Мемлекет Басшысы, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, облыс әкімі, облыс әкімі орынбасары, аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша; жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша; «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша; шекті бағаларды бекіту бойынша; бағалардың өсуін тежеу бойынша; жергілікті қамтуды бақылау бойынша; үдемелі индустриялық даму бойынша; экспорт бойынша комиссиялар мен үйлестіру кеңестерінің жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала және аудан әкімі аппаратының, облыстық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне кеңес береді.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.03.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 каб.
-
8(715-2)34-02-16