"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ-нің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Қосымша талаптар

1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,                      Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

  2.Құпия іс жүргізу бойынша нұсқаулықты білу.

Функционалды міндеттер

Облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының және басқа да мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады. Облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – АҚ) саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын; АҚ оқиғаларын тіркеуді; АҚ бойынша техникалық құжаттама талаптарының орындалуын, оның құжаттамалық ресімделуін; АҚ қамтамасыз ету бөлігінде активтерді басқаруды; бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңдылығын; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдерді басқаруды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады; персоналды басқару кезінде АҚ талаптарын сақтау; ішкі аудит жүргізу, сыртқы аудитті ұйымдастыру; «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің АҚ жай-күйі. Әкімдіктің балансында тұрған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді сәулет порталының базасына енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. MISP веб-платформасы арқылы ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін/инциденттерін анықтау, талдау және оларға ден қою бойынша жұмысты жүзеге асырады. АҚ қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың орындалуы мәселелері бойынша облыстық атқарушы органдармен және қала және аудандар әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимыл жасайды. АҚ мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

(В блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.03.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.03.2022 – 04.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.03.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)34-02-16