Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс, өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен мәселелері, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, геология, жер қойнауын пайдалану және оны қорғау сұрақтарын бақылау, лецензиялау, стандарттау және сертификаттау сұрақтары бойынша аудандық атқарушы және аумақтық органдарының қызметін үйлестіру. Табиғатты пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын реттеу. Күш құрылымдары қызметіне басшылық ету, мемлекеттік қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы жоғары тұрған басшылардың бағдарламалар мен тапсырмаларын орындау, аумақтық қорғаныс, жұмылдыру даярлығы, абаттандыру, сумен қамту, телекоммуникация, энергожүйелер сұрақтарына жауапты болу. Төтенше жағдайларды болдырмау, тұрғын үй объектілерін және әлеуметтік - өндірістік инфрақұрылымын жылыту маусымына дайындау сұрақтары бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, елді мекендерді көркейту  сұрақтарын бақылау. Тиісті үйлестіру кеңестері мен жұмыс комиссияларына басшылық ету. Тұрғын үй комиссиясын басқару. Азаматтарды қабылдау. Басшылық етіп отырған салада мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау. Қарамағындағы бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзімін бақылау. «Қызылту Су Арнасы» ЖШС-нің қызметіне жалпы бақылау. Басшылық ететін салада облыс және аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындау.

А Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.01.2022 – 28.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.02.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216, 87152465079