«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы (2024 жылғы 24.09. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).
Функционалды міндеттер
Басқармада бухгалтерлік, салықтық есеп және статистикалық есептілікті, жедел басқару құқығындағы мүлікті жүргізуді, негізгі және айналым қаражатын жауапты тұлғаларға беруді және бекітуді жүзеге асырады. Бюджет қаражатын жұмсаудың бекітілген нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Басқармада есепте тұрған мемлекеттік мүлікті, бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Түсетін қорлар мен негізгі құралдарды жүйелендірілген есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру.
Қорлар мен негізгі құралдарды есептен шығару және қайта орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.
Салалық бөлімдерден субсидия төлеуге құжаттарды қабылдаумен айналысады және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бағдарламалар бойынша ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Қаржы басқармасымен, қазынашылық, статистика департаменттерімен және салық комитетімен есеп және есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Істер номенклатурасы бойынша мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды дайындайды.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.01.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.
-
8(715-2)34-02-16