«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).

Функционалды міндеттер

Тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық біліктілік талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды, оның ішінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.:

-тұқым өндіру, сақтау, сандық-сапалық есеп жүргізу, бірегей және элиталық тұқымдарды, 1-3 көбейтілген тұқымдарды өндіру және өткізу жөніндегі құжаттама;

- субсидияланған элита тұқымдарын және 1-3 репродукциялы тұқымдарды мақсатты пайдалану;

- тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындаумен;

- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері мен қатардағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістерін байқаудан өткізу сапасымен;

- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексеру;

- тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

- тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым партияларынан сынама алуды жүргізу;

- белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілерден тұқым өндірумен (тұқым себу үшін дайындалған танаптарды тексеру, вегетация кезеңінде сорттық егістерді тексеру, сорттық және гибридтік егістерді байқаудан өткізу мен далалық тексеруді бақылау, тұқымдарды жинауды (жинауды), тасымалдауды, өңдеуді (тазартуды) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау).

Басқарма сайтында тұқым шаруашылығы субъектілерінің тізілімін орналастыра отырып, бірегей, элиталық тұқым және 1-3 көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді және тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды. «Тұқымдық және көшет материалдарының сорттық және егістік сапасын анықтау» бағдарламасын іске асыру. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасын іске асыру.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпарат береді және есептілік жасайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқарманың веб-сайтында материалдарды жаңарту үшін ақпарат береді. Бөлімнің кіріс құжаттарын тіркеу есебін жүргізеді. Құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылайды. Істер номенклатурасы бойынша мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды дайындайды.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.01.2022 – 25.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.01.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Казақстан Конституциясы к-сі, 58 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)34-02-16