«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ басқарма басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
182456 - 246519
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Әкімшілік-аймақтық бірлікке сәйкес аймақта мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында дене шынықтыруды, спортты дамытудың бірыңғай стратегиясын құрастырады және үйлестіреді. Уәкілетті органға спорт бойынша марапаттау үшін қолдаухаттар ұсынады. Басқарма қызметіне жалпы басшылық етеді, аймақаралық іс-шараларда дене шынықтыру және спорт сұрақтары бойынша облыстың мүддесін білдіреді; әкімшілік-аймақтық бірлікке сәйкес аймақта спорттық ғимараттарды жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдармен спорттық байланысты нығайту мен дамыту жұмысын жүргізеді; орынбасарының, бөлім бастықтарының, құрылымдық ұйымдар басшыларының міндеттерін анықтайды; заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін және құрылымдық бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады; басқарманың бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ басқарма қызметкерлері орындауға міндетті тапсырмалар береді; басқарманың және құрылымдық бөлімшелердің құрылымын және штаттық кестесін бекітеді; басқарма қызметкерлерін, құрылымдық ұйымдар басшыларын ынталандыру және тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді; мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда басқарманың өкілі болады; алқа отырысында, аппараттық кеңестерде, басқарманың қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.05.2020
- СҚО Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет
-
8(7152)465079