Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудан әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандағы бойынша: "өсімдік шаруашылығы".

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, 

осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.    

Функционалды міндеттер

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту өңірлік бағдарламаларының іске асырылуына басшылық етеді, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылауды іске асырады.

Жер қатынастары, өндірістік саланы дамыту, коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы, коммуналдық желілер мен құрылыстар, су құбырларының және ауданның басқа инженерлік және көлік инфроқұрылымы объектілерінің құрылысы мен пайдаланылуы, аудандық маңызы бар жолдарды ұстау және пайдалану, абаттандыру сұрақтарымен айналысады. Жаңа салынған объектілерді, қайта жаңартудан, нысаналы мақсатын өзгертуден  кейін пайдалануға қабылдау бойынша аудандық комиссия жұмысын ұйымдастырады. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жұмысына басшылық етеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмысының жылдық жоспарының және авариялар, апаттар мен стихиялық апаттардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының, бейбіт және әскери уақытта ауданның Азаматтық қорғау жоспарының әзірленуін, жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғау мен төтенше жағдайлар бойынша жұмысты, шұғыл әрекет ету отрядтарының құрылуын бақылайды, табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлар салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа шұғыл жұмыстарға әзірленуді бақылау. Жер комиссиясын және  құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша құрылған басқа да комиссияларға басшылық етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясымен, аудандық кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп әрекет етеді. Аудандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Ауылдық несиелік серіктестіктермен байланысты жүзеге асырады. Функционалдық міндеттерінен шығатын абаттандыру, көшелердің қызметі, жол жабынын күрделі және ағымды жөндеу, санитарлық тазарту, көгалдандыру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды іске асырады. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің құқықтық актілерінің, облыс әкімі, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша актілерінің орындалуын бақылайды. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне сәйкес азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды. Бөлімдердің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметін үйлестіреді. Аудан әкімі жоқ кезінде оның орнын ауыстырады.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.12.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.12.2021 – 24.12.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.12.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079