«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ тауарларды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдары, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Қаржы лизингі туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары», «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау Қағидалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген, «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 Бұйрығымен бекітілген, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 14.11.2017 жылғы № 249-НҚ бекіткен, «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттары» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген, «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығымен бекітілген, құрылыс нормалары мен қағидалары бекітілсін және осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер).

Функционалды міндеттер

Бөлімге басшылықты жүзеге асыру; конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде басқарма өткізетін тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; конкурстық (аукциондық) комиссиялардың құрамына қатысу; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды веб-порталда орналастыру; конкурстық (аукциондық) құжаттама жобаларын алдын ала талқылау қорытындылары бойынша жауаптар жасауға қатысу;  әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан веб-портал арқылы қарау, оның ішінде қайта қарау; әлеуетті өнім берушілерді олардың біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан айқындау; уәкілетті органмен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органымен, мемлекеттік сатып алу порталының техникалық қолдау қызметімен, Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзге де органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл;  Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікті атқару. басқарманың өкілі ретінде соттарға қатысу; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.11.2021 – 03.12.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.12.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079