«Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ - нің автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; - «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; - осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды. «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін және техникалық регламенттерін білу.
Функционалды міндеттер
Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру; орындалған жұмыстарды есептеу әдісін әзірлеу; бөлінетін лимит шығындарына айлықжұмыстар жиынтығын әзірлеу; материал қажеттілігінің есептерін жүргізу, жолдарға және жол құрылыстарын жөндеуге арналған ақша қаражаты мен техниканы. Атқарушы және техникалық құжаттаманың уақытында және дұрыс жүргізілуін бақылау. Қысқы күтіп ұстау, су тасқынын өткізу бойынша жоспарлар мен іс-шаралар әзірлеу. Қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу, дислокациялық кестелердегі өзгерісті бақылау, оларды ЖПБ келісіп, мердігер ұйымдарға жеткізу. Жолдарды көктемгі-күзгі және айлық тексеруге қатысу, ақау тізімдемесін жасау, қызметтің бекітілген мәселелері бойынша есептер, ақпарат, анықтама дайындау. Жолдарды және т/ж өтпелерін көктемгі-күзгі және айлық тексеруге қатысу, ақау тізімдемесін жасау, қызметтің бекітілген мәселелері бойынша есептер, ақпарат, анықтама дайындау. Автомобиль жолдарының бойында сервис және жарнама объектілерін орнатуға инфрақұрылым объектілеріне паспорттарын келісу және ресімдеу. Жұмыс жүргізу құқығына орделер ресімдеу және жұмыс жүргізу орындарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзіще асыру. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.11.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079