«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Қазақстан Республикасы заңдары, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары», құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы «ҚР ҚН 1.02-03-2011 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау Қағидалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері және осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер).
Функционалды міндеттер
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; конкурстық (аукциондық) комиссиялардың құрамына қатысу; тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) веб-портал арқылы жіберген тармақтарының дұрыстығын, толықтығын тексеру; конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырыс берушілер ұсынатын тапсырмалардың дұрыстығын, толықтығын тексеру; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырыс берушілер ұсынатын тапсырмалар негізінде конкурстық құжаттамаларды әзірлеу; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды веб-порталда орналастыру; конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау қорытындылары бойынша жауаптар жасауға қатысу; әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан веб-портал арқылы қарау, оның ішінде қайта қарау; біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттамалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау; конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды дайындауы; уәкілетті органмен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мемлекеттік сатып алу порталының техникалық қолдау қызметімен және өзге де органдармен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ұйымдар туралы өзара іс-қимыл жасау; Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікті атқару; басқарманың өкілі ретінде соттарға қатысу; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.11.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079