Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын білу; осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Ішкі саясат, жұмыспен қамту, білім, спорт, денсаулық сақтау, қорғаныс, тұтынушылардың құқығын қорғау, зейнетақы төлеу орталығымен, ұлтаралық байланыс, нашақорлықпен күрес мәселелері бойынша аудандық және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру. Партиялармен және қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес және әйелдер ұйымдарымен, ауданның еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері  бойынша интеграциялық ұйымдарымен өзара іс-қимылды және қатынасты жүзеге асыру. Отбасы және гендерлік саясат ісі жөнінде, жастар ісі жөнінде, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау ісі жөнінде, діни бірлестіктермен байланыс жөнінде, қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмектерді ұйымдастыру жөніндегі,аудан әкімдігі жанындағы жалпы білім беретін мектептердегі сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі, мемлекеттік рәміздерді зерттеу, үгіттеу және қолдану аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі, денсаулық сақтау сұрақтары  бойынша, мүгедектер ісі жөніндегі, аз қамтылған халық тобына материалдық көмек көрсету жөніндегі, халық денсаулығын қорғау бойынша, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекет ету жөніндегі, эвакуациялық және эвакоқабылдау жөніндегі, марапаттау комиссия мен үйлестіру кеңестерін басқару.  Аудандық БАҚ-тың, діни ұйымдардың, партиялардың, ардагерлік және қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, аудандық мұрағаттың, поштаның жұмысын басқару. Азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.  Әлеуметтік салада аудан әкімімен бекітілген үйлестіру кеңестері мен жұмыс комиссияларына басшылық ету және жұмыс жасау. Азаматтарды және ресми делегацияларды қабылдау. Басшылық жасап отырған салада мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау. Қарамағындағы бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзімін бақылау. Басшылық ететін сала бойынша облыс және аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындау.

(А блогы)

(блог А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.11.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.11.2021 – 16.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.11.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079