«СҚО Жамбыл ауданы Троицкий ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жетекші маман- бухгалтер.

Мемлекеттік орган

Жамбыл ауданының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-G-4

Орташа лауазымдық айлықақы

81229 - 109367

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қолда бар қаражаттың шегінде аппарат қызметін  материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылға жоспарды әзірлейді. Бюджеттік тапсырманы әзірлейді және уақытында қаржыны игереді. Бас кітапты жүргізеді. Салық басқармасына  салық бойынша декларацияны әзірлейді және тапсырады. Аппараттың қаржылық қызметі бойынша есептерді даярлайды және тапсырады. Бухгалтерлік есепті және есептілікті ұйымдастырады және жүргізеді. Қаржылық құжаттарды уақытында және дұрыс рәсімдейді, барлық жүзеге асырушы операцияларды бухгалтерлік есептерде көрсетеді. Еңбек ақы бойынша анықтама береді. 1-С «Бюджет» бухгалтерлік бағдарламасында жұмыс істейді. Мемлекеттік статистикаға айлық, тоқсандық және жылдық есептілікті ұсынады.

Мемлекеттік қызметшілерге және қызмет етуші персоналдарға еңбек ақы есептейді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады. Конкурстық құжаттарды даярлайды және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізеді. Шоттарды төлеуге даярлайды, тапсырмалар береді, банкке аудару үшін жабдықтаушылармен шарт жасайды. Материалдық шоттарға таратады. Еңбек ақы бойынша дербес шоттарды ашады, зейнетақы төлемдері бойынша карточкаларға үлестіреді. Бухгалтерлік құжаттарды уақытында тігеді.

Салық жинауын қамтмасыз ету/жер, мүлік, көлік;

Жоғары ұйымдардың алдында есеп береді, округтегі  орта және шағын бизнесті дамыту бойынша жұмыс;

Көлік құралдарын есепке алу, мемлекеттік органдармен тізімдерді салыстыру және нақтылау;

Округ аумағында автокөліктерді техникалық тексерістен өткізуге жәрдемдесу;

Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2020 – 22.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.05.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов селосы, Дружба көшесі, 10

Анықтама алу үшін байланыс

8(71544) 2-15-31