«СҚО Жамбыл ауданының Архангелка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ салық және әскери есепке алу жөніндегі бас маман
Жамбыл ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
90963 - 122463
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Агрономия
- Білім (білім саласы)
- Аударма ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Аппарат қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, жер, мүлік, көлік салықтарын жинауды қамтмасыз ету.
Жоғары ұйымдардың алдында есептілік, округте кіші және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыс.
Көлік құралдарын есепке алу, мемлекеттік органдармен тізімдерді салыстыру және нақтылау, округ аумағында автокөліктерді техникалық тексерістен өткізуге жәрдемдесу.
Тұрғын үй қорын есепке алу, әскерге шақыртушыларды, әскери міндеттілерді әскери есепке алу бойынша іс қағаздарын жүргізу. Шақырту жасына дейінгі және шақырту жасындағы жастармен жұмыс, шақырту жасындағы жастардың жеке істерін жүргізу.
Округтің әскери міндеттілерін есепке алу бойынша (запастағы офицерлермен және запасқа босатылған әскери міндеттілермен) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өз ара әрекет жасау.
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларды орындау және құжаттамалар жүргізу.
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.05.2020
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов селосы, Дружба көшесі, 10
-
8(71544) 2-15-31