«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ-нің мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу және әкімшілендіру бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген, «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 54 бұйрығымен, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі» Қазақстан Республикасы Министрлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 39 бұйрығымен бекітілген және осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер).
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алуды өткізу мониторингін жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алуды жинауды, жинақтауды және талдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы талдамалық жазбаларды, анықтамаларды, жиынтық есептерді жасау; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; басқарманың құқықтық қамтамасыз етілуін, бухгалтерлік есепті жүргізуді, іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.11.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079