«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-нің әкімшілік бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

281193

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Автомобиль көлігі туралы» Заңын, «Автомобиль жолдары туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін білу, азаматтық және азаматтық процессуалдық заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Белгіленген тәртіпте сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қараған кезде мемлекеттік органның мүддесін қорғау; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің мониторингін тұрақты түрде жүргізуді үйлестіру; басқарманың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша іс-шараларды әзірлейді, мемлекеттік органдағы жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыру; мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсіндірмелер дайындау, басқарма өткізетін ашық конкурстардың конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестігіне тексеру. Бекітілген жұмыс мәселелері бойынша есептер, ақпарат, анықтамалар жасау. Корреспонцендиямен, азаматтардың шағымдары мен өтініштерімен жұмысты жүзеге асыру, олар бойынша мониторинг жүргізу. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма басшысы айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

(В блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2021 – 22.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.10.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079