«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің білім беруді жаңғырту бөлімінің оқу-материалдық базаны нығайту және дамыту жөніндегі бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Құрылыс
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін: Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Білім туралы» ҚР заңын, «Педагог мәртебесі туралы», ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық Кодексін, ҚР Бюджеттік Кодексін және басқаларын білу.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы салалық бағдарламаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру бойынша есептілікті жүргізу. Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (БҒДМБ), аумақтарды дамыту бағдарламасы (АДБ) бойынша іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу. Мемлекеттік саясатты білім беру жүйесінің мекемелеріне жеткізу. МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша материалдар дайындау. Инвестициялық ұсынысты, салалық қорытындыны, техникалық тапсырманы жасау. Сараптама, экономикалық қорытынды алуға құжаттарды дайындау. МЖӘ іске асырылған және жоспарланған жобалары бойынша ай сайынғы есептілікті жасау және қалыптастыру. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша материалдық-техникалық жабдықтау бойынша есептер жасау. Жобалық басқарманың инвестицияларын тарту бойынша Нақты жоспардың нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін орындау. Инвестициялар бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі Кешенді жоспардың орындалу есебі.

Жетекшілік ететін бағыттар бойынша, бөлім мәселелері бойынша кіріс және шығыс хат-хабарлармен есеп жасау. Білім басқармасының ресми сайтында материалдарды дайындау және орналастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау анықтамасын дайындау. Істердің ведомстволық мұрағатқа берілуін бақылау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқарманың стратегиялық, операциялық жоспарын іске асыру. ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын орындау.

 

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2021 – 28.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.11.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079