«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-2

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Құрылыс
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, ҚР Жер кодексін, ҚР Кәсіпкерлік кодексін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Салық кодексін, ҚР Бюджет кодексін, ҚР Су кодексін, ҚР Орман кодексін,  және басқаларды білуі.  ҚР «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «ҚР тілдер туралы», «БАҚ туралы», «Мемлекеттік құпия туралы»  заңдарын, ҚР Үкіметінің жер қатынастары мәселелері жөніндегі қаулыларды білуі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалды міндеттер

Жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатын іске асырады. Жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуды талдайды және болжамдайды.   Облыс жерін пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау саласында заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылайды. Жер инспекциясы басқармасының жоғары тұрған биліктің заңнама және атқарушы органдарында өкілі болады.

Жер заңнамасының анықталған бұзущылықтарын жоюды орындау үшін қажетті ұйғарымдар береді.  Жер заңнамасы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастырады.  Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтайды және мемлекеттік меншікке қайтарады. Құрылысты, пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіруді, объектілерді пайдалануды, геологиялық- барлау және басқа жұмыстарды, егер олар белгіленген жерді пайдалану режимінде, жер заңнамасын бұзумен жүзеге асырылса тоқтатады, сондай-ақ, егер осы жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе.  Жер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Жерді қорғау мәселелері бойынша семинарларға, кеңестерге қатысады.

Жер инспекциясы басқармасының жұмысын жоспарлау. Жоғарыда тұрған органдардың, басқарма басшысының, жер инспекциясы басқармасының жиналыстарының, жоспарларының, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын, Медиа-жоспарын іске асыруға бақылау. Өз құзыреті шегінде жер заңнамасын орындауға байланысты Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының өзге де тапсырмаларын орындайды. Мекеме басшысы болмаған жағдайда оны ауыстырады.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2021 – 18.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.10.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152)465079