«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ-нің сауданы дамыту бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
Қосымша талаптар
Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу,
Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерін
білу: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңдары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар;
функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.
Функционалды міндеттер
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, ішкі сауданы дамыту бөлігінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Оларды орындау бойынша ақпарат дайындау.
Ішкі сауданың дамуына талдау жасау.
Сауда қызметі саласындағы реттеу мәселелері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың кәсіпкерлік бөлімдерімен өзара іс – қимыл жасау және бөлшек және көтерме сауда бағаларына, өндіруші кәсіпорындардың негізгі тамақ өнімдеріне, олардың қорларына босату бағаларына мониторингті жүзеге асыру.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту жөніндегі ұсыныстарды есептеуді жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыну.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында консультациялық көмек көрсету.
Қауіпсіздік пен сапа талаптарына жауап беретін өнімді тұтыну нарығында өткізуді, сондай-ақ сәйкестігі міндетті расталуға жататын сертификатталған өнімді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу.
Азық-түлік тауарларына баға жағдайы туралы талдамалық ақпарат дайындау.
Облыс әкімдігі жанындағы бағалар мен тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі штаб отырысына материалдар дайындау.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысу және бекітілген бағаларды бақылауды жүзеге асыру. Жанар-жағармай материалдарының және олардың қорларының түсуін мониторингілеу.
Солтүстік Қазақстан облысының облыстық Сауда және тамақтандыру қызметінің, азаматтық қорғаудың жанар-жағармай материалдарының жұмысын ұйымдастыру.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
Азаматтық қорғау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын, Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кеңестердің республикалық және облыстық хаттамаларын орындау бойынша ақпарат дайындау.
Мекемелердің, ұйымдардың сұранысы бойынша ақпарат дайындау.
Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу
функционалдық міндеттеріне.
Кәсіпорындардың көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыру.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, өтініштерімен, шағымдарымен жұмыс, оларға жазбаша жауаптар дайындау.
Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.10.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079