«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің экономика және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, СҚО аймақтық дамытуда бағдарламасы. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлеріне орындауға берілген, құжаттардың орындалуын, жалпы бөлім басшыларымен бақылауын іске асыру. Аудан және Петропавл қ. әкімдік бөлімдерімен жұмыс. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу. Басқармаға бөлінген мемлекеттік бюджет қаражаттарын тиімді жұмсау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік сатып алу туралы баршаға мәлім және айқын болуын қамтамасыз ету, жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды әлеуетті жеткізушілердің барынша қатысуы мен адал бәсекелестігін қамтамасыз ету, сатып алынатын тауарларда, жұмыстарды және қызметтерде отандық кәсіпкерлерді қолдап біріңғай ұлттық құрамды қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық отырыстарға қатысу. Бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі жөніндегі мәселелер бойынша есептерді уәкілетті органдарға ұсыну. Бөлінген қаражатты игеру жөніндегі есептілікті ұсыну және Инвестициялық жобалар порталында бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мәліметті орналастыру. Келіп түсетін корреспонденцияға жауаптар мен ақпараттар дайындау. облыс әкімінің өкімдер мен шешімдерді, Басқарма басшысының, оның орынбасарының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындау. Басқарманың сенімхат бойынша сот отырыстарда қатысу. Экономикалық мәселелер бойынша қызметтік жазбахаттарды және басқарма басшылығының тапсырысы бойынша өзге міндеттерді дайындау. Басқарма тапсырыс беруші ретінде орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстарға мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижесі бойынша дамытудың инвестициялық жобалары бойынша авторлық және техникалық қадағалау жөніндегі қызметтерді орындауға шарт жасау. Басқармамен іске асыратын салалық бағдарламалар бойынша қаржыландыру жопарын қалыптастыру. Республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша қорытындыларға сәйкес жоғары тұрған бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен келісім жасауға ықпал ету. Басқарма жетекшілік ететін инвестициялық жобаларды және саланың ағымдағы шығындарын іске асыруға қаражат бөлу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органға бюджеттік тапсырыс дайындау. Басқарманың бухгалтериясына конкурстық тапсырыстарды қамтамасыз етуді қайтару үшін бір көзден әдісімен өткізілген конкустар мен сатып алулардың нәтижесі туралы ақпарат ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарымен жұмыс. Электронды құжат айналымы жүйесін пайдалану.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.10.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 122 кабинеті
-
8 (7152)465079