«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ-нің экономика саласының түсімдері мен шығыстарын жоспарлау және атқару бөлімінің бас маманы (2023 жылғы 26 мамырдағы дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, ҚР Салық кодексін, ҚР Экология кодексін, «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» ҚР Заңын, Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін білу.

Функционалды міндеттер

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік өтінімдерді қарау, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария басқармалары бойынша бюджеттік өтінімдерді тексеру бойынша қорытындылар дайындау; жергілікті бюджеттерді жоспарлауға қатысу, бюджетті бекітуге және нақтылауға материалдар дайындау; жоғарыда көрсетілген басқармаларды қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша: жылдық сомалардың айлар бойынша бөлінуіне талдау және бағалау жүргізу; төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау;; объектілер бөлінісінде аудандар бойынша қаржыландыру жоспарларының өзгерістерін жеткізуді қамтамасыз ету; аудандар мен бағдарламалар бөлінісінде қаржыландыру жоспарларын қазынашылық органдарына жеткізу; «Парус» ақпараттық жүйесінде жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер мен міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу; «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесіне төлемдер мен міндеттемелер бойынша анықтамалар енгізу; ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді жасау; бюджетті жоспарлау және атқару бойынша түсіндірме жазба үшін материалдар дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.09.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.09.2021 – 07.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.10.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079