СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-3

Орташа лауазымдық айлықақы

112730 - 152017

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  7. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімге жүктелген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуынадербес жауапты, оның қызметкерлерінің қызметін үйлестіру. Жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың берген тапсырмаларын орындау.Облыс және аудан әкімдіктері, әкімдерінің НҚА орындау барысына бақылауды жүзеге асыру. Аудан бойынша өткізілетін негізгі іс-шаралар жоспарын құру. Ауданның негізгі іс-шараларының жоспарларын, аудан әкімдігі отырыстары, аппараттық кеңестер жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекітілуіне енгізу, олардың орындалуына бақылау жүргізу.Ауылдық округ әкімдерінің аппаратында тексерістер жүргізу, оның ішінде бюджеттің төртінші деңгейі еңгізілуіне байланысты қаржы шаруашылығы бойынша. Аудандық шаралар, кеңестер, әкімдік, аудан активінің отырыстары мен семинарлар материалдарын дайындау және өткізілуін ұйымдастыру. Ауылдық округтерімен оперативтік жұмыс жүргізу. Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық паспорттарына өзгерістер енгізу. Аудан әкімінің ресми сайтында ақпаратты жаңартылуын, сапасын және уақытылы орналастырылуын бақылау. Аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының кезекшілік кестелерін құру. Сайлау өткізу кезінде сәйкесті жұмыстарды ұйымдастыру. Сайлау өткізу кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын ұйымдастыру. ҚР Президентінің және ҚР Парламент депутатының сайлауын ұйымдастыру. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін қоғамдық-саяси және мәдени іс-шаралардың ақпарат құралдарында жариялануын бақылау. Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерін ұйымдастыру. Аудан әкімінің аппараттық және жұмыс отырыстарына хаттама, «Тапсырмалар мониторингі» ақпаратттық жүйесімен жұмыс жүргізу, облыс әкімінің және аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау. Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулеріндегі көтерілген сұрақтары бойынша есептілікті дайындау.Аудан әкімі, аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.02.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

06.03.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85

Анықтама алу үшін байланыс

8(71542)79017