«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бас маманы (2024 жылғы 26 ақпандағы дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Лицензиялау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы». Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Функционалды міндеттер
Бөлімге жүктелген бағдарламалар, іс-шаралар мен жоспарларды орындау барысын бақылауында және әзірлеуде қатысу, оларды орындалғаны туралы есеп дайындау. Нысандардың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу үшін деректер ұсыну. Нысандардың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі. Тапсырыс беруші басқарма болып табылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін реконструкциялау және жөндеу кезінде: жобалаушы ұйымдармен жұмысты; жобалау-сметалық құжаттаманың болуын, сақталуын және қозғалысын алуды, есепке алуды және бақылауды; бас мердігер ұйымдармен жұмысты; орындалатын және ақы төлеуге ұсынылатын жұмыстарға, жобалау шешімдерінің сақталуына, орындау мерзімдеріне, жобалау-сметалық құжаттаманың құны мен көлемінің сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс, ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыру, хаттар мен сұрауларға жауаптар дайындау. Облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, басқарма басшысының, оның орынбасарының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындау. Бөлім қызметінің бағыттары бойынша басқарманың ресми веб-сайтының беттерін жаңарту. Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.09.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8(7152)46-50-79