«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басқарма басшысының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-2

Орташа лауазымдық айлықақы

163166 - 220682

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін: «Қазақстан-2050» Стратегиясын,  ҚР заңдарын «Білім туралы», «Педагог мәртебесі», «Баланың құқығы туралы», «Отбасы үлгідегі балалар ауылы», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-түзету педагогикалық қолдау көрсету»,  ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық Кодексін, ҚР Бюджеттік Кодексін,  ҚР «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы» Кодексін және басқаларын білу.

Функционалды міндеттер

Облыстық бюджет шығыстарын жоспарлау және орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Білім басқармасы және ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарының қаржылық-экономикалық қызметінің мәселелерін талдау және бағдарлау. Облыстық бюджеттегі ұйымдар бюджеттерінің жобалары мен бағдарларын құруды басшылыққа алу және бақылау.Аумақтық бюджет шегінде облыс бойынша мақсатты трансферттер түрінде шығындарды жоспарлау жұмыстарын үйлестіру. Облыстық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгертулерді бекіту және енгізу бойынша жұмыстарды қамтамасыз етуді бақылау. Бюджеттік қаражатты игеру мониторингісін бақылау, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін тексеру және шығындарды сапалы игеру бойынша шаралар қолдануды жүзеге асыру. Жетекшілік бағыттар бойынша ревизия нәтижелерін қарастыру. ҚР Білім және ғылым, қаржы, ұлттық экономика министрліктерімен өзара әрекет жасау. Қаржы, экономика басқармаларымен, қазынашылық департаменті, мемлекет кірістержәне басқа қаржылық мәселелер бойынша облыстық ведомстволармен өзара әрекет жасау. Жоспарлау және болжау, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімдеріне жетекшілік ету. Білім басқармасы жанындағы орталықтандырылған бухгалтерия жұмысын үйлестіру. Білім беру саласында мемлекет саясатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2021 – 11.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.08.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079