Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

150778 - 203162

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлердің тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының Заңдарын білу, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, жер қатынастары, аграрлық  ғылым, геология, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, жаңа технологияларды, сауданы, сыртқы экономикалық байланысты, шекаралық ынтымақтастықты дамыту, жер қойнауын пайдалану және жер асты байлығын қорғау, туризм мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік орган аумақтық құрылымдарының қызметін үйлестіру. Қолданыстағы заңнама аясында жер учаскелерін беру,  инфрақұрылыммен, қажетті қаржы құралдарымен қамтамасыз ету, техникалық және консультациялық көмек көрсету мәселелерін шешуді қоса алғандағы жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ жаңа өнім мен қызмет түрлерінің инновациялық әзірлемелерін тездетіп игеру, инновациялық және озат технологияларды ендіру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері. Жетекшілік ететін салалар бойынша Мемлекет Басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аудан аумағын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына бақылау жүргізу. Ауыл шаруашылық және ветеринария, жер қатынастары бөлімдерінің,  кәсіпкерлік бөлімінің, жұмысты қамту орталықтың қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру. Аудандық деңгейде өткізілетін мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалауға көрсеткіштерін жалпы бақылау. Аумақтық инспекциясымен, ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен, байланысты жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қызметті дамыту бағдарламасы аясында шағын несиелеу мәселелерге жетекшілік етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.07.2021 – 03.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.08.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)46-50-79