«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік инспекторы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Құрылыс
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, ҚР Жер кодексін, ҚР Кәсіпкерлік кодексін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Су кодексін, ҚР Орман кодексін, ҚР Үкіметінің жер қатынастары мәселелері жөніндегі қаулыларды білуі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Функционалды міндеттер
Жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жер заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды орындалуға міндетті нұсқамалар береді. Жер заңнамасы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастырады. Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтайды және мемлекеттік меншікке қайтарады. Құрылысты, пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіруді, объектілерді пайдалануды, геологиялық- барлау және басқа жұмыстарды, егер олар белгіленген жерді пайдалану режимінде, жер заңнамасын бұзумен жүзеге асырылса тоқтатады, сондай-ақ, егер осы жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе. Жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелері бойынша хаттарын, шағымдарын қарастырады. Сенімхат бойынша сотта мекеменің мүдделерін ұсынады. Сотқа талап арыздар мен материалдарды дайындайды.Жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша есептерді уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады. Әкімшілік деректер банкін жүргізеді.
Жерді қорғау мәселелері бойынша семинарларға, кеңестерге қатысады. Өз құзыреті шегінде жер заңнамасын орындауға байланысты осы мекеменің басшылығының өзге тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079