"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ стратегия, талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің жинақтықтау талдау және ақпараттық сүйемелдеу сұрақтары жөніндегі бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы. ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «БАҚ туралы», «ҚР Тілдер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін және т.б. білу.
Функционалды міндеттер
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (ГПРОН), аумақтарды дамыту бағдарламасының (АДБ); "Ұлт жоспарының - 100 нақты қадамының"стратегиясын әзірлеу, нысаналы индикаторларын, көрсеткіштері мен іс-шаралар жоспарын орындау бойынша талдау және бақылау. Облыстың білім беру жүйесінің тиімділігін, динамикасын және даму үрдісін көрсететін ақпаратты уақтылы жинақтау бойынша жұмыс жүргізеді. Білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, оларды іске асыру бойынша есептілікті жүргізу. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарына (ГПРОН), аумақтарды дамыту бағдарламасына (АДБ) өзгерістер енгізу; "Ұлт жоспары-100 нақты қадамды"іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттердің орындалуын, нәтижелілік көрсеткіштерін, "білім беруді цифрландырудың жол картасын", "Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру жүйесін дамытудың Жол картасын"мониторингтеу. Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жиынтық ақпарат. Үкімет отырысына және облыс әкімдігінің отырысына материалдар дайындау. Жоғары тұрған органдардың, облыс әкімінің, басқарма басшылығының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру. "Облыс әкімі тапсырмаларының мониторингі" базасымен жұмыс істеу, тапсырмаларды уақытылы орындау үшін басқарма қызметкерлеріне жеткізу. Келіп түскен хат-хабарларды уақтылы және сапалы орындау. Мерзімі бойынша құжаттардың орындалуын бақылау және мониторинг. Білім басқармасының ресми сайтында материалдарды дайындау және орналастыру. Жоғары тұрған органдар басшыларының сапарларына құжаттарды дайындау. |
Экономика басқармасымен, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен және басқа да мемлекеттік органдармен және ведомстволармен бірлескен жұмыс. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының, білім беру мәселелері жөніндегі басқарма бөлімі басшысының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.07.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079