Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы КММ экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Дінтану
  • Теология
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Психология
  • Журналистика
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу;

Осы санаттағы нақты қызмет мамандығына сәйкес салалардағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Жүгінген радикалды, деструктивті және тоталитарлық культтер ықпалынан зардап шеккендер адамдар мен туыстарына психологиялық, консультациялық көмек көрсетеді.

Жүгінген радикалды, деструктивті және тоталитарлық культтер ықпалынан зардап шеккендер адамдар мен олардың туыстарымен атаулы жеке жұмыс жүргізеді.

Деструктивті идеологияның ықпал ету факторларын анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек (психокоррекциялық, оңалтушылық және консультативтік) көрсету бойынша шара қабылдайды.

Көмекке жүгінгендерге жеке тәсілдеме қамтамасыз етумен байланысты негізгі проблемаларды шешу үшін қажет ақпаратты дайындайды.

Конфессияаралық мәдениетті қалыптастыру және нығайту әрі қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту бойынша іс-шаралардың іске асырылуына қатысады.

Өткізілетін іс-шаралардың іске асырылуының нәтижесі бойынша кері байланысқа жүйелі талдау жүргізеді, өткізілетін іс-шараларға өзгерістер енгізеді.

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істейді.

Облыстық Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді және келіседі.

Бөлім қызметінің бағыттары бойынша ағымдағы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.07.2021 – 28.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.07.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)465079