"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мейірбикелік ісі
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Білім деңгейі бойынша: жоғары «Емдеу ісі» мамандығы (жіктеуіштің болмауына байланысты).

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға  кандидаттарды тестілеу бағдарламасында сәйкес санаттар үшін берілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білім.

 

Функционалды міндеттер

- Облыста терапевтік бейіндегі қызметті жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

- Терапевтік қызмет бойынша статистикалық ақпаратқа талдау жүргізу.

- Ересек тұрғындардың денсаулық жағдайын зерттеу, медициналық көмек көрсету сапасын талдау, оны жақсарту бойынша шаралар әзірлеу.

- Мемлекеттік және өңірлік стратегиялық бағдарламаларды әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу.

- Алдын алудың, диагностиканың, емдеудің жаңа әдістерін және жетекшілік ететін бөлімдер бойынша жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеге енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

- ЖММК және мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі-ЖМК) бойынша емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша жұмыс жүргізу.

- Емдеуге жатқызу бюросы порталының жұмысы мәселелері бойынша республикалық, облыстық және қалалық медициналық ұйымдар, денсаулық сақтауды дамыту институтының облыстық филиалы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

- Медициналық ұйымдарда медициналық көмектің сапасын басқару қызметінің жұмысын бақылау және талдау бойынша жұмысты жүзеге асыру (ішкі аудит).

- Медициналық көмек көрсетуді, медициналық ұйымдардың клиникалық қызметін талдау, медициналық көмек көрсету тәртібінің және денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың бұзылуын жою бойынша іс-шаралар әзірлеу.

- Медициналық ұйымдар бойынша медициналық көмектің сапасына өтініштерді талдау;

- Облыс стационарларының қабылдау бөлімшелерінің қызметін бақылау;

- Медициналық көмектің сапасын бағалау.

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық әкімдікке және басқа да ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша есеп беру деректерін дайындау.

- Халықты тегін және жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша нысаналы трансферттерді игеру мониторингін жүргізу.

- Науқастарды облыстан тыс және шет елдерге кеңес алуға және емдеуге жіберу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, бюджет есебінен шетелге емделуге жіберу бойынша республика клиникаларында және МСАК ұйымдарында жұмыс істеу.

- Жетекшілік ететін бейіні бойынша медициналық ұйымдарға консультациялық-диагностикалық көмекті ұйымдастыру.

- облыстың медициналық ұйымдарында жаңа енгізілімдер мен емдеудің жаңа әдістемелерін ұйымдастыру;

- Апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерді құрастыру, жұмысқа талдау жүргізу.

- Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға талдамалық анықтамалар мен ақпараттар дайындау.

- Денсаулық сақтау басқармасының алқасына және облыс әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесіне жетекшілік ететін мәселелер бойынша сұрақтар дайындау

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында шараларды сақтау.

- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу.

- Басқарма басшысының нұсқауы бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.07.2021 – 19.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.07.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079