«Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысының орынбасары (сәулет және қала құрылысы мәселесі бойынша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
163166 - 220682
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Сәулет
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Функционалды міндеттер
Бірінші басшының тапсырмасы бойынша басқарма мүдделерін сәулет, қала құрылысы және өзге де мәселелер бойынша басқа ұйымдармен қарым-қатынаста ұсыну. Тұрғын үй бағдарламасын іске асыру. Жергілікті нысаналы бағдарламаларды және аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға бақылау. Басқарма бойынша шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізу, экономикаға тиімді ықпал етудің ұсыныстары мен бағдарламаларын әзірлеу, сәулет және қала құрылысында күтілетін өзгерістер мен дамуларды болжамдау. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізілуіне бақылау жасау. Құрылыстық-монтаждық, қала құрылысы және жобалау-іздестіру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу үшін конкурстық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша инвестициялық бағдарлама жобаларын дайындау, оларды қорғау, олардың іске асырылуына бақылау. ҚР қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сәулет және қала құрылысы шеңберінде мемлекеттік қызметтер жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Қала құрылысы мәселесі жөнінде қоғамдық тыңдауларға материалдар дайындау және өткізілуін ұйымдастыру. Сәулет және қала құрылысына қатысты даулар бойынша сот процестеріне қатысу. Жоспарланған аумақтық құрылыс, не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы ақпарат дайындау. Объектілерді, кешендерді жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, сәулеттік және қала құрылысы талаптарын анықтау. Жобаларға, халқы жүз мың тұрғыны бар облыстық маңызы қалалардың бас жоспарларына кешенді қала құрылыстық сараптама жүргізілуін ұйымдастыру. Облыс орталығының сәулеттік бейнесін құру жобаларын үйлестіру және оның орындалуын бақылау. Облыс орталығының Бас жоспарының әзірленуін және келісілуін үйлестіру. Жоспарлау және құрылыс салу жобаларын қарастыру, техникалық-экономикалық есептер жүргізу, оны бірінші басшыға келісу үшін енгізу. Нысандар мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаты үшін жер учаскелерін беру және қолданыстағы заңанамаларға сәйкес мемлекеттік қажеттіліктері үшін оларды алып қою жөнінде ұсыныстар енгізу. Азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, құрылыс саласында ІТ жобаларды үйрену жөнінде ұсыныстар енгізу және оларды жұмыста қолдану. Сәулет, қала құрылысы, бас жоспарлар және қала құрылысы кадастры бөлімінің қызметіне жетекшілік ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.05.2020
- СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 122 каб.
-
8(7152)465079