"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" КММ-нің әкімшілік-құқықтық және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау; Басқарманың құрылтай құжаттарын әзірлеу; Құжаттарды әзірлеу және қарсылық-шағымдық жұмыстарды жасау, соттарда дауларды қарастыру кезінде басшының тапсырмасымен өкілдік ету; Жемқорлықпен күресу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; Қол қоюға ұсынылған құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, құқықтық сипаттағы шешімдер мен өзге де құжаттардың заңнамалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде материалдардың дұрыс және сапалы болуын бақылау; Әкімшілік айыппұлдар салу туралы қаулыларды түркеуді жүзеге асыру; Ерікті әкімшілік айыппұлдардың төлену мерзіміне қатысты сұрақтармен айналысу; Құқық бұзушылар реестрін құрастыру; Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты есептерді әзірлеу; Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де мәселелерді шешу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.06.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.06.2021 – 25.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.07.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079