«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ басшының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
163166 - 220682
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Статистика
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Құрылыс
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
«Автомобиль көлігі туралы»; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін және техникалық регламенттерін білу.
Функционалды міндеттер
Ұзақмерзімді болашаққа Басқарманың стратегиялық жоспарларын әзірлеу; Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; бірлескен жобаларды әзірлеу бойынша республикалық жол ұйымдарымен жұмыс тәжірибесінің болуы, тәжірибе алмасу, облыс әкімдігі жанындағы аппарат кеңестеріне қатысу. Басқарма бойынша автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру. Жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен оның құрылыстарының техникалық және пайдалану жағдайын тексеруді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. ҚР Үкіметі шешімдерінің және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Өз құзыреті шегінде жол саласындағы мәселелер бойынша нормалар мен стандарттардың, шарттар мен келісімдер талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Көлік инфрақұрылымы дамытудың ұзақмерзімді бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; көлік заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша тасымалдаушылармен семинарлар ұйымдастыру облыс аумағында көліктік рәсімдерді ұйымдастыруды жетілдіру. Меншік нысанына қарамастан, заңды және женке тұлғалардың қарамағындағы облыс аумағында жүретін көліктердің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіреді. Тасымалдаушылардың жұмысына азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарайды. Басқарманың жұмысын жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079